«Жарқайың ауданының мемлекеттік архиві» КММ ұйымның қызметі процесінде пайда болған тұрақты, уақытша сақталатын, сондай-ақ жеке құрам бойынша құжаттарды сақтауға алады.
Басқарушылық құжаттаманы сақтауға қабылдау кезінде ұйым мұрағатының қызметкері құжаттарды тапсыруды жүзеге асыратын тұлғаның қатысуымен: осы тізімдеме бойынша тапсырылатын істердің тізімдемедегі нақты қорытынды жазбасының сәйкестігін,істер номенклатурасы бойынша уақытша сақталатын (10 жылды қоса алғанға дейінгі) істердің бар болуын,істер тізімдемесінің деректері бар істер парақтарының нөмірленуін, іс құжаттарының ішкі тізімдемесінің бар болуын және дұрыс толтырылуын, істің куәландырма парағының бар болуын, мұқаба деректемелерінің істер тізімдемесіндегі тиісті жазбалармен сәйкестігін, тапсырылатын істердің физикалық жай-күйін тексереді.