A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жарқайың ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жарқайың ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Архив тарихы

Жарқайын ауданының мемлекетiк архивi

«Құжатсыз тарих жоқ,
тарихсыз мемлекет, ұлт жоқ»
(Тарле)

Жарқайын ауданының мемлекеттiк архивiнiң құрылу тарихы, барлық архивтердiң де сияқты, Ақмола облысы әкiмiнiң 1998 жылдың 13 мамырдағы № 77 «Жарқайын ауданының мемлекеттiк архивiн құру туралы» шешiмiн шығарудан басталады. Ұқсас шешiм Жарқайын ауданының әкiмiмен 1998 жылдың 26 мамырдағы № 151 қабылданды. Жарқайын ауданының мемлекеттiк архивi облыстық бюджет есебiнен ұсталуда және штаттық кестеге сәйкес 2 адам жұмыс iстеудi бастаған: архив директоры (Ақмола облысы әкiмiнiң архивтер мен құжаттамалар бөлiмiнiң 1998 жылдың 8 шiлдесiндегi № 7-к бұйрығымен 1998 жылдың 8 шiлдесiнен тағайындалды) және есепшi — архивист (1998 жылдың 13 шiлдесiнен архив директорымен қабылданған). Ұйым қалыптасуының басында тұрған, бiрiншi басшысы, Ерғазиева Күльпаш Мұхамедиқызы болған. Келесi жылдары аудандағы мемлекеттiк архивтi Нұрмағамбетова Эльмира Айтмұхамбетқызы басқарған, ал қаржы ресуртар мен құжаттар өңдеуiмен Ахметова Төлеш Ақпарқызы айналысқан. 2003 жылдан 2010 жылға дейiн мемлекеттiк архивтi Абенова Рымкүл Сальменқызы басқарды. 2011 жылдан және қазiргi уақытқа дейiн архив директоры болып Саухимов Темирбек Зинелович тағайындалды. Архивтiк қызмет ардагерлерi деп бiз Шонов Пионер Шоновичтi мақтан тұтамыз, ол архивтiң қаржы қызметiн жүргiзген, Абенова Рымкуль Сальменқызын, ол қазiр еңбек сiңiрген демалыста, және Ахметова Төлеш Ақпарқызын, ол осы уақытқа дейiн қызмет етуде, жас ұрпаққа көп жылдық тәжiрибесiн табыстап.

Ақмола облысының әдiлет басқармасында бiрiншi мемлекеттiк тiркеуден Жарқайын ауданының мемлекеттiк архивi 1998 жылдың 31 шiлде күнi № 5-1902, ал қайта тiркеуден 1999 жылдың 8 сәуiр күнi № 595-1902-ММ өттi ұйымның «Жарқайын ауданының мемлекеттiк архивi» мемлекеттiк мекемесi деп атын өзгертуiне байланысты. Ақмола облысы әкiмiнiң 2005 жылдың 17 ақпандағы № А-3/52 шешiмiмен «Жарқайын ауданының мемлекеттiк архивi» мемлекеттiк мекемесi Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар бөлiмiнiң «Жарқайын ауданының мемлекеттiк архивi» мемлекеттiк мекемесiнi атын өзгерттi (кейiн аудандық архив) және Жарқайын ауданының әдiлет басқармасында қайта тiркеуi өткiзiлдi, 2005 жылдың 27 сәуiрдегi № 54-1902-17-ММ атын өзгертуiне байланысты.

Мақсатқа жету үшiн, аудандық архив ҚР Ұлттық архив қорының толықтыру көздерi мен әлеуеттi көздерi есебiн жүргiзедi, сақтауға құжаттар қабылдауын жүзеге асырады және олардың сақталуын қамтамасыз етедi, құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппаратты құрайды, тақырыптық және әлеуметтiк-құқықтық сұрауларды орындайды, құжаттау мен құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша ұйымдарға тәжiрибелiк және әдiстемелiк көмек көрсетедi, семинарларды ұйымдастырады және өткiзедi.

2002 жылға дейiн аудандық архив негiзiнде, аудан совхоздарының жеке құрамы бойынша архивтiк құжаттарды қабылдаған. 2002 жылы Арқалық қаласының архивiнен (бұрынғы Торғай облысының облыс орталығынан) 12 498 сақтау бiрлiгiне 43 қор қабылданы, соның iшiнде 11 777 iс тұрақты сақтау.

Аудандық архивтiң архивтiк құжаттары алғаш рет ғылыми-техникалық өңдеуге 2007 жылдың шiлдесiнде түстi. Ұсынылған архивтiк құжаттарға, ғылыми-техникалық өңдеуiн өткiзуден кейiн, 83 сақтау бiрлiгiне 1998-2005 жылдарғы тұрақты сақтаудағы iстерiнiң № 1 тiзiмдемесi, 25 сақтау бiрлiгiне 1998-2005 жылдарғы жеке құрамы бойынша № 1-ж тiзiмдемесi құрастырылды. Тiзiмдемелер хронологиялық-номиналдық белгiсi бойынша құрастырылған, iстер тақырыптары жылдар және маңыздылығы бойынша орналасқан.

Аудандық архивтiң 10-жылдығы қарсаңында аудан басшылығымен М. Ғабдуллин көшесi бойынша 102 үйде жаңа бөлме ұсынылған болатын, онда қойма ауданы ғана 78 ш. метрдi құрайды, бұл бұрынғы аудандық архив ғимаратындағы екi есе көп. 15 архивтiк металл сөрелер сатып алынды, 2009 жылы ұзақтығы 345 пог.метр 17 архивтiк металл сөрелер сатып алынды. Қазiргi күнi аудандық архивте сақтауда 170 қор немесе 26 191сақтау бiрлiгi. Сонымен бiрге, архивтiк құжаттар құрамында 68 жеке тектiк сақтау бiрлiгiне 2 қор және аудан тарихы фотоқұжаттарының 19 сақтау бiрлiгiне 1 қор. Бұл ҰОС ардагерi, ауданның құрметтi азаматы Сейiтов Қапар Сейiтұлының және ауданның құрметтi азаматы Нұрмұханбетов Ораз Нұрмұханбетұлының жеке архивi.

Аудандық архив қызметкерлерiмен құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргiзiледi, күн сайын қоймалардағы температуралық-ылғалдылық режимiне және оның оңтайландыруына бақылау жүзеге асады, iстердiң бар болуына тексерiстер өткiзiледi, аса құнды құжаттарды табумен, құжаттарға сақтандыру қорын құрумен, iстер берумен және көптеген басқа жұмыстармен айналысады, оларсыз архивтiң болуы мүмкiн емес.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.12.2016 18:00

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

ruh.kz
@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жарқайың ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»