A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жарқайың ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Адамдар мен тағдырлар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылғы 24 қарашадағы «Cаяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығында басты міндет – халықаралық стандарттар мен құндылықтар негізінде саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру, олардың адал және игі есімдерін халық пен ұрпақтарына қайтару міндетін қойды.

Осы мақсатқа толық жеткізу үшін Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві негізінде саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы ақпарат жинау үшін жедел-желі құрылды.

         Мәліметтер базасын құру үшін, репрессияға ұшыраған, бірақ қалпына келтірілмеген туыстарының, жерлестерінің есімдері туралы кез келген ақпарат; отбасылық жәдігерлер мен қазақстандықтардың саяси қуғын-сүргінін куәландыратын құжаттар; өлкенің картасына еңгізу мақсатында қуғын-сүргін құрбандарының қабірлерінің (өлім жазаларының) тарихи орындары жайлы; оларды мәңгілік ету және қасиеттеу мақсатында жедел желі телефонына хабарласыңыз: архив телефоны: 8 (7162) 50-39-35; электрондық пошта мекен-жайы: info_repressia@aqmola.gov.kz

Ауданымызда аудандық мұрағат және орталық кітапхана базасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері бойынша зерттеу жұмыс тобы құрылды. Егер сізде маңызды ақпарат болса, осы қайғылы тағдырды қозғаған адамдармен және олардың отбасыларымен таныс болсаңыз, 9-10-07 -, 9-11-38 нөмірлері бойынша сіздердің өтініштеріңізді күтеміз.

Мақаланың шыққан күні: 05.04.2021
Қаралым саны: 2993

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

ruh.kz
@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жарқайың ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»