Қазақстан халқының бірлігі күні
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 150-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттауда. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Бұл күн - әрбір Қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Бұл Мамыр мерекесінің мәні.
Мақаланың шыққан күні: 29.04.2022
Қаралым саны: 3339